ЕАЭО елдеріне бірыңғай технологиялық платформа қажет - академик

31 Қаңтар 2019, 21:30
2846
Бөлісу:
ЕАЭО елдеріне бірыңғай технологиялық  платформа қажет - академик

Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. ЕАЭО мүше елдер цифрландыру тұрғысында өз жолымен дамуда, соны бизнес қауымдастық үшін сәйкестендіру қажет. Бұл туралы Беларус Республикасы  Ұлттық ғылым академиясының Сәйкестендіру жүйесі орталығының директоры Виктор Дравица БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты.

Оның айтуынша, ертең Алматыда өтетін “Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0” атты форум ЕАЭО елдерінің цифрлы бастамаларының басымдығын анықтайтын жиын болмақ. 

“Ертеңгі форум Үкімет басшыларының қатысуымен осыған дейін көтерілген бастамаларды іске асыру механизмі талқыланады. Яғни ұсынылған дайын жобалар қаралады. Біздің елдердің бірыңғай тауар нарығы бар екенін ескерсек, бұл тұрғыда атқарылатын істер көп. Бізге бірыңғай технологиялық  платформа қажет”, -дейді ол.

Сонымен қатар ол, Одақтағы елдер қандай тауар шығарып жатқанын білу маңызды екенін және олар Одақ аясында біркелкі таралып отыру қажеттігін айтты.

“Мұндағы елдердің барлығы ашық экономикалы сондықтан ондағы  әрекеттер үйлесімін тауып, халықаралық заңға сәйкес болғаны жөн. Қазір осы тұрғыдағы мәселелер қаралып, оны шешу жолдары қарастырылуда. Бұл әсіресе шағын және орта бизнеске қатысты,  ал ірі ойыншылар өзіне ыңғайлы платформа жасауға қауқарлы әрі ол барлық сұраныстарды қанағаттандырады. Сондықтан шағын бизнес үшін қосымша жүктеме түсірмейтін сервис қажет, өйткені олардың өз бетінше оны жасауға шамалары жете бермейді”, -деді В. Дравица.

Сондай-ақ ол аймақтық нарықта өз ерекшелініне қарай түрлі талап, міндетері бар екенін, қазір  соллардың барлығын бірізгіледіру жүріп жатқанын жеткізді. 

“Тәуелсіз елдердің өз көзқарасы бар дегендей,  оның барлығы ескерілуде. Барлығымыз бір жүйеден кеткелі заңдық алаңда бізді ерекшелей түсетін жаңа заңдар мен талаптар көптеп жасалды. Бізге енді осындай кедергілермен жұмыла жұмыс істеп, жаңа технологиялық шешімдер қабылдау қажет. Әр ел цифрландыру тұрғысында өз жолымен дамуда, соны бизнес қауымдастық үшін сәйкестендіру қажет. Иә, қазақстанда әлеуметтік қызметтерді цифрландыру жүріп жатқаны  рас, біз енді бизнесті алға жылжытып, қазіргі заманға сай етіп жасағымыз келеді”, - деді ол.

Әділет Мұсахаев 

Өзгелердің жаңалығы