Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын қабылдады.
«2015 жылғы 6 желтоқсанда Армения Республикасында конституциялық референдум өтіп, нәтижесінде президенттік басқару түрінен парламенттік басқару түріне өзгергені сіздерге белгілі. Қабылданған өзгерістерге сәйкес, 2018 жылғы сәуір айынан бастап Арменияның премьер-министрі елдің жоғары лауазымды тұлғасы болды. Армения Республикасы премьер-министрінің өкілеттіктеріне сыртқы саясат мәселелері жатады. Ол елдің Қауіпсіздік кеңесін басқарады, Қарулы күштер Үкіметке бағынады. Соғыс кезінде жоғарғы қолбасшы премьер-министр болып саналады. Армения президентінің қазір шектелген өкілдік қызметтері бар. Арменияда аяқталған саяси реформаны ескере отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрамына мемлекеттер басшылары ғана емес, сонымен бірге өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес, Жоғары кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі шешімдерді қабылдау өкілеттіктері берілген. Үкімет басшыларының кіруін реттеу мақсатында жоғарыда аталған хаттама Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттерімен бірлесіп әзірленді. Осы заңның жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды», - деді ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов.
Сенаторлар дауыс беріп, аталған заң жобасын қабылдады.