Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарларды таңбалау мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
2019 жылы 29 наурызда ЕАЭО-ға тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалу туарлы келісімге қол қойылған болатын.
Қазақстан аяқ киім, әтірлер мен иіссу, пневматикалық резеңке шиналар мен доңғалақтар,бейнекамералар, фотожарқыл мен жарқылдақ-шамдар және жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген позициялары өімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу бойынша ЕЭК кеңесінің шешімдеріне қосылды.
Жобаларды шешудің негізгі кезеңдері ол елдердің таңбалауды енгізу күнін жеке айқындауы, ұлттық операторды таңдауы. Қазіргі таңда Қазақстанда тері өнімдерін міндетті таңбалау бар және темекі, алкоголь өнімдерін және аяқ киімдерді таңбалау бойынша пилоттық жобалар іске асырылуда. Бизнес-қауымдастықтың пікірі бойынша Қазақстанға тауарларды таңбалаудың үдемелі моделін енгізу мәселесіне мұқият қарау қажет, - делінген сауда және интеграция министрлігінің ақпаратында.
Өз кезегінде, СИМ ТРМК төрағасының орынбасары Асқар Тынысбеков халықаралық тәжірибеге сәйкес тауарларды таңбалау бақылау құралы ретінде қарастырылатынын атап өтті, және өнімнің, қызметтер мен жұмыстардың көлеңкелі айналымы деңгейін төмендету, сондай-ақ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адал тауар өндірушілерді және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды қорғау мақсатында қазыналық және көліктік ақпараттық жүйелермен ұштастырылуы тиіс. Осы тетікті енгізу өндірістің немесе импортты әкелуден бастап соңғы іске асыруға және айналымнан шығаруға дейін тауарлардың өмірлік циклін бақылауға ғана емес, сондай-ақ бюджетке салықтардың түсуін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру деңгейін арттыру үшін тауар сапасын арттыру және қоғамдық бақылау қызметін жүзеге асыру қажет, - деді ол.Электрондық шот-фактуралар, блокчейндер, виртуалды қойма және басқа да ақпараттық жүйелер сияқты қадағалаудың ұқсас құралдарын енгізу тәжірибесі жалпы мемлекет экономикасы үшін оң нәтиже көрсетті, сондай-ақ мемлекеттің адал салық төлеушілерге айтарлықтай көмек көрсетті.
Қазақстанда тауар өндірушілерді сатып алу, жалдау және тауарларды таңбалау үшін қажетті жабдықтардың лизингі бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.
СИМ тауарлардың таңбалануы мен қадағалануын іске асырудың Жол картасын бекітті. "Қазақтелеком" тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындау бойынша конкурстың жеңімпазы болып танылды.Қадағалау жүйесін салалық түсіну негізінде Бірыңғай оператор қадағалау мен таңбалаудың елдік тұжырымдамасын қалыптастыру қажет, ал салалық ақпараттық жүйелер мен Бірыңғай оператордың түйісу нүктесі тауарлардың ұлттық каталогына кіру, онда салалық уәкілетті мемлекеттік органдар беретін тауарға арналған барлық рұқсат беру құжаттары бойынша ақпарат қамтылатын болады, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу комитеті тауарлардың таңбалануы мен қадағалануын іске асырудың ұйымдастыру моделін, таңбалауға жататын тауар топтарын іріктеу әдістемесін, сондай-ақ тауарларды таңбалау мен қадағалаудың тәртібін айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекітті.
Бизнес-қоғамдастық тарапынан ұсыныстарды ескере отырып, үйлестіруші орган барлық мүдделі тараптармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен дәрілік заттарға таңбалауда қолданылатын бақылау-сәйкестендіру белгілерін (БСБ) өтеусіз беру мәселесін зерделеуді ұсынды.
Қазіргі таңда таңбалау кодтарының (БСБ) шекті құны әлі анықталған жоқ.