ЕАЭО өкілі К5 автомобиль бензиніне қатысты пікір білдірді

4 Ақпан 2021, 19:57
1428
Бөлісу:
ЕАЭО өкілі К5 автомобиль бензиніне қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі мүшесі Эмиль Кайкиев К5 класына қатысты талаптар Одақ шеңберіндегі техникалық регламенттерге сәйкес жүргізіліп отырғанын айтты.

Біз мұнай мен мұнай өнімдері аясында біртұтас емес, ортақ нарық туралы айтуымыз керек. Бұл терминдердің арасында белгілі бір айырмашылықтар бар.  Мұнай өнімдерінің бағасы нарықтық тетіктерге сәйкес қалыптасып  тікелей және биржалық шарттар жасалады. Мұнда мұнай өнімдерінің биржалық саудасына көбірек көңіл бөлінеді. Себебі биржалық сауда механизмі бағаның нақтыланған экономикалық деңгейін анықтауға көмектеседі. Бұл ЕЭО қатысушыларына болжамды және дәйекті шарттар бере отырып, өзара тиімді ынтымақтастық пен адал бәсекелестікте жұмыс істей алады, - дейді Эмиль Кайкиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәжілісінде. 
Оның айтуынша, К5 класына қатысты талаптар одақ шеңберіндегі техникалық регламенттерге сәйкес жүргізіліп отыр. 
Қазіргі уақытта Ресейде, Армения және Белоруссияда бензин мен дизель отынының тек экологиялық К5 класы, ал Қазақстан мен Қырғыстанда K4-K5 кластары айналымына рұқсат етілген.Мұнай экспорттаушы елдер үшін К5-ке көшу тиімді болса, ал мұнайды импорттайтын елдер отын бағасының көтерілуін күтеді, - дейді одақтың Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқа мүшесі.

Ботагөз Жақиянова

Өзгелердің жаңалығы