ЕАЭО мүшесі одақ шеңберінде ЭЦҚ енгізуге қатысты пікір білдірді

4 Ақпан 2021, 20:50
1127
Бөлісу:
ЕАЭО мүшесі одақ шеңберінде ЭЦҚ енгізуге қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуразиялыө экономикалық одақтың Бәсекелестік және монополияға қатысты реттеу жөніндегі мүшесі Арман Шаққалиев одақ шеңберінде электрондық-цифрлық қолтаңбаны енгізу мүмкіндігіне қатысты пікірімен бөлісті.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін қатысушы елдердің барлығында мемлекеттік сатып алуды цифрландыруды көздейтін стратегиялық жоспар бар.

Электрондық цифрлық қолтаңбаны көмегімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру оңай. Сатып алу өтіп жатқан елге бармайсың, филиал немесе өкілдік ашпайсың. Бүгін комиссия іс-шаралар жоспарын дайындады. Бірінші жартыжылдықта біз оны бекітуіміз керек. Әрине, біз әр елдің мемлекеттік сатып алуды цифрландырудың деңгейін негізге аламыз, - деді Арман Шаққалиев.
Оның айтуынша, қолтаңбалардың түпнұсқалығын растау мен бірқатар техникалық аспектілерне қатысты мәселе бар.

Бүгін біз қарқынды түрде консультациялар өткіземіз және осы мәселені іске асыру қажеттілігін жақсы түсінеміз. Алғашқы жартыжылдықта елдердің осыған көшуін қарастыратын каскадтық жоспарды қарастыратын боламыз. 2025 жылға дейін қатысушы елдердің барлығында мемлекеттік сатып алуды цифрландыруды көздейтін стратегиялық баеғытымыз бар екенін еске сала кетейін, - деді ол.

Олжас Адай

Өзгелердің жаңалығы