ЕАЭО. Министрлер бағаны тұрақтандыру мәселесін талқылады

20 Тамыз 2021, 21:52
12193
Бөлісу:
ЕАЭО. Министрлер бағаны тұрақтандыру мәселесін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің төрағалығымен өткізілген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономика министрліктері басшыларының кеңесінде ведомство басшысы Әсет Ерғалиев әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандырудың бірлескен шаралары туралы баяндап, бірлескен көміртекті реттеу жөніндегі ұсыныстарды атап өтті.

ЕАЭО елдеріндегі бағаны тұрақтандыруды талқылау барысында Ерғалиев өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі ішінара жоғары шығындардан, логистиканың тиімсіз буындары мен делдалдардан туындағанын атап өтті. Өндірушілердің, делдалдардың, сауда саласының шығындарының құны (30%-ке дейін), нәтижесінде, түпкілікті баға арқылы тұтынушыға беріледі. Министр ЕАЭО елдері арасында тауарлардың өзара жеткізілімін жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті.

Бізге аз логистикалық шығасылармен елдер арасындағы өзара жеткізілімдерді қамтамасыз ету, сондай-ақ үшінші елдердің нарығын бірлесе игеру үшін негіз жасау қажет, - деді қазақстандық экономикалық ведомство басшысы.

Оның айтуынша, өзара жеткізілім жұмыстары басталып та кетті. 2020 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ға қатысушы елдердің, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанның тауар өткізу жүйелерін бірыңғай Еуразиялық Тауар өткізу Жүйесіне (ЕТЖ) интеграциялау жөнінде ұсыныс жасады. Биыл Президент осы жүйеге Орталық Азияның барлық елдерін қосуды ұсынды.

ЕТЖ инфрақұрылым мен жасыл дәліздерді ЕАЭО-ның жетекші ритейлерлерінің жеткізу тізбегіне интеграцияланған 90-нан аса нысанға жеткізеді. Қазақстанда 24 КТО құрылысынан басқа, ЕТЖ шеңберінде Тәжікстанда 3 КТО салу жоспарлануда. Инвестицияның жалпы сомасы 30 млн доллар.

ЕТЖ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеуге, баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге және аз логистикалық шығасылармен Орталық Азия елдері арасында өзара жеткізілімдерді жолға қоюға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы баға белгілеудегі проблемаларды шешу үшін Қазақстанда 24 нысаннан тұратын көтерме-тарату орталықтары (КТО) желісінің инфрақұрылымы түрінде Ұлттық тауар өткізу жүйесі құрылатынын хабарлады.

Ағымдағы жоғары шығындар тізбегі бағаларға қосымша логистикалық шығын әкеледі. Шоғырландырылған сатып алу маусымдық бағаларды төмендетуге мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз өндірушіден бөлшек саудаға дейінгі циклді жүйелік инфрақұрылымды құру. Бұл ауыл шаруашылығы өнімін өткізу нарығын едәуір кеңейтеді және өндірушіні тұтынушыға жақындататын жеке экономикалық кластер құрады, - деді ол.

Сонымен бірге, министрлер кеңесінде ЕО-ға тауарларға «көміртегі» салығын енгізу талқыланды.

Еуропалық Одақ «Green Deal»-ге көшу шеңберінде атмосфералық шығарындыларды 1990 жылғы деңгейге қарағанда 2030 жылға қарай 55%-ке төмендетуді қамтамасыз етуді мақсат етіп қойғаны белгілі. 2026 жылдан бастап ЕАЭО-дан экспортталатын бірқатар тауарға қатысты ЕО-ның «көміртегі» салығы толыққанды енгізіледі.

Ә.Ерғалиев ЕО-ға «көміртегі» салығын енгізу біздің елдеріміздің экспорттық позициясына теріс әсер етуі мүмкін екенін атап өтіп, көміртегі салығының әсер ету тәуекелдерін азайту жөніндегі жедел шараларды атады.

Оның айтуынша, энергия ресурстарын тұтынуға арналған ішкі көміртегі салығын, импорттық және экспорттық көміртегі бажын енгізу ЕО-да көміртегі салығын толық төлеуден аулақ болуға, сондай-ақ экономиканы декарбонизациялаудың климаттық жобаларын іске асыруға көміртегі салығынан алынған қаражатты инвестициялауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ көміртегі салығын төлейтін экспортқа бағдарланған кәсіпорындар тізімін қалыптастыру және әрбір кәсіпорын үшін нақты шараларды айқындау, жаңа инвестициялық жобаларға озық технология мен жабдықты пайдалануды міндеттеу, сондай-ақ көздерді әртараптандыру және энергия өндірудің бірыңғай мақсатты құрылымын, оның ішінде атом электр стансаларынан құру қажет.

Өзгелердің жаңалығы