ЕАЭО мемлекет басшылары кездеседі

18 Мамыр 2021, 14:25
1955
Бөлісу:
ЕАЭО мемлекет басшылары кездеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 21 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы ОКҚ-да Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова айтты.

Мемлекет басшылары 15 мәселені, оның ішінде 2 мәселені «шағын» құрамда, 13 мәселені «кең» құрамда талқылайды, - деді ол.

Олардың ішінде ішкі тұтыну үшін газ тасымалдауға тариф белгілеу, ЕАЭО-ның негізгі серіктестерімен орта мерзімді перспективаға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту тәсілдерін бекіту мәселелері бар.

Сондай-ақ, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қатысушылары медициналық қолдануға арналған стратегиялық маңызды дәрілік препараттар мен фармацевтикалық субстанцияларды өндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді деп жоспарланып отыр, - деп айтты вице-министр.

Бұдан басқа, мемлекет басшылары ЕЭК-тің ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кедергілерді жою жөніндегі жұмыс барысы туралы ақпаратын, шет елдермен, интеграциялық бірлестіктермен және ЕАЭО халықаралық ұйымдарымен 2020 жылғы ынтымақтастық қорытындыларын, ЕЭК-тің трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі және 2020 жылға арналған бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзудың жолын кесу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы есебін тыңдайды.

Өзгелердің жаңалығы