ЕАЭО елдері: Өзара сауданы арттыру үшін кедергісіз орта құру қажет – Смайылов

25 Ақпан 2022, 12:12
924
Бөлісу:
ЕАЭО елдері: Өзара сауданы арттыру үшін кедергісіз орта құру қажет – Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысында айтты.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, біз жаңа экономикалық шындыққа тез әрі жедел әрекет етуді үйрендік. Осы орайда экономикалық дамуды қамтамасыз етуге, жаңғыртуға, ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және мемлекеттеріміздің азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған ЕАЭО заңнамасында бекітілген негізгі мақсаттар мен қағидаттарға қол жеткізу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруымыз керек, -деді Ә.Смайылов.

Жиында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы сауда айналымының үлесіне тоқталып кетті.  

Өткен жылдың қорытындылары 2019 жылғы пандемия алдындағы жылмен салыстырғанда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауданың үшінші елдермен саудаға қарағанда озық өсу динамикасын куәландырады. 

Осылайша, өзара сауда 18 пайызға, ал сыртқы сауда көлемі 15 пайызға өсті. Дегенмен, өзара сауданың үлесі біздің мемлекеттеріміздің тауар айналымының жалпы көлемінің 15%-дан азын құрап отыр. Әрине, бұл көрсеткіш ішкі нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Мысалы, басқа да осы тектес интеграциялық бірлестіктердегі өзара сауда көлемі 40 пайыздан астам. Өзара сауданы арттыру үшін кедергісіз орта құру міндетті шарт болып табылады, -деді ол Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысында.

Өзгелердің жаңалығы