ЕАЭО елдері арасында сауда-экономикалық байланыстар дамиды – депутат

13 Қыркүйек 2023, 13:07
993
Бөлісу:
ЕАЭО елдері арасында сауда-экономикалық байланыстар дамиды – депутат
Фото: Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

Мәжіліс «Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы заң жобасы бойынша Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев қосымша баяндама жасады.

Келісімге Ереван қаласында 2022 жылғы 20 қазанда қол қойылды. Келісімнің негізгі мақсаты - халықаралық қаржы ұйымын Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру, - деді депутат.

Келісім экспорттық қатынастарды дамытуға, өзара сауда, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді.

Заң жобасы жұмыс тобының, Комитеттің кеңейтілген отырыстарында мүдделі мемлекеттік органдар мен сараптама ұйымдары өкілдерінің қатысуымен қаралды. Парламент Мәжілісінің тұрақты комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді, - деп айтты Темір Қырықбаев.

Мәжіліс заңды қабылдап, Сенатқа жіберді.

Өзгелердің жаңалығы