Ең қымбат нан Орал қаласында

29 Қараша 2019, 18:09
3649
Бөлісу:
Ең қымбат нан Орал қаласында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ас атасы – нанның бір бөлкесі әр өңірде әртүрлі. Елімізде ең қымбат және ең арзан нан бағасы қай аймаққа тиесілі екені белгілі болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ресми өкілі Әсемгүл Нұрмағамбетова мәлімдеді.


Қазақстан бойынша ең қымбат нан Оралда. Оның бағасы 101 теңгені құрайды.
Статистикалық дерекке сүйенсек, республика бойынша әлеуметтік нанның орташа бағасы 87-88 теңге. Ең қымбат нанның бағасы Орал қаласында тіркелген – 101 теңге. Ең төменгі баға – Петропавлда. Онда бір бөлке нанның құны 69 теңге, - деп жауап берді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәскелестікті қорғау комитетінің басқарма жетекшісі Әсемгүл Нұрмағамбетова.
Өзгелердің жаңалығы