«E-Salyq Business»: кәсіпкерлерге жеңілдік қарастырылады

1 Қараша 2021, 14:00
911
Бөлісу:
«E-Salyq Business»: кәсіпкерлерге жеңілдік қарастырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, пандемия кезеңіне байланысты кәсіпкерлер үш жылға дейін босатылып жатыр.

Бізде табыстан түсетін салықтар бойынша жеке кәсіпкерлерді салықтан босату қарастырылған. Негізі елімізде салық мөлшері өте төмен деп есептеймін. Мысалы, патент бойынша 1 пайыз жеңілдетілген декларация бойынша 3 пайыз щамасымен төлеуі қажет. Мұның өзі үлкен жеңілдік деп ойлаймыз, - дейді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар Іңкәрбаев пилоттық қосымша барлық кәсіпкер үшін қолжетімді емес екенін атап өтті.

Пилоттық сынаққа патент және оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген тұлғалар ғана қатыса алады. Сондықтан, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, мобильді қосымшаны пайдалануға ниет білдірген жеке тұлға қосымшаны жүктеп алып, онда авторизациядан кейін жеке кәсіпкер ретінде тіркеу қызметін таңдайды. Бұл процедураның қолжетімділігі, қосымшадағы ыңғайлылығы пилоттық бағдарлама аясында тексеріліп, жетілдірілетін болады, - деп толықтырды Жайдар Іңкәрбаев.

Өзгелердің жаңалығы