Ең қиын жағдай Семей қаласында – Даниал Ахметов

14 Маусым 2020, 10:56
2041
Бөлісу:
Ең қиын жағдай Семей қаласында – Даниал Ахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 10 күн ішінде Шығыста коронавирус инфекциясын жұқтыру қарқыны айтарлықтай артып отыр. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов айтты.

Өкінішке қарай, соңғы 10 күн ішінде біздің облыста коронавирус инфекциясын жұқтыру қарқыны айтарлықтай артып отыр. Ең қиын жағдай Семей қаласында. Мұнда тұрғындардың вирусты жаппай жұқтыру деңгейі күн санап көбеюде. Барлық 234 жағдайдың 162-сі Семейде тіркелген. Осыған дейін атап өткенімдей, бұған себеп, ең бірінші, жауапты органдардың өз ісіне салғырт қарауы, бақылаудың жоқтығы, сондай-ақ, тұрғындардың тәртіпті сақтамауы. Қарапайым ережелердің өзін өрескел бұзып отыр, - деді ол.
Осыған орай облыстың бас санитарлық дәрігері шектеу шараларын күшейтуді ұсынды. 

Сондықтан, бүгін бизнесмендердің бастамашыл тобымен бірге санитарлық дәрігердің ұсынысын талқыладық. Мені кәсіпкерлердің бастамашылдығы мен ашықтығы ерекше қуантты. Олар коронавирустың жаппай өршуіне байланысты қалада қалыптасқан барлық жағдайды жақсы түсініп отыр. Сындарлы пікірлерін ортаға салып, бірге қарастырдық. Кездесу қорытындысы бойынша бизнес қоғамдастықпен бірлескен ортақ шешім қабылданды. Сонымен қатар бүгіннен бастап кәсіпкерлердің ұсынысымен Семейде мониторингтік топ құрылды. Олар енді санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалу барысын бақылауға өздері алады, - деді облыс басшысы.


Өзгелердің жаңалығы