Еңбектің еленгені қуантады – дәрігерлер

12 Сәуір 2020, 13:34
1921
Бөлісу:
Еңбектің еленгені қуантады – дәрігерлер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №2 көпбейінді қалалық аурухананың 100-ден аса дәрігеріне үстемақы төленді. Олар 5 үлкен қонақ үйде карантинге түскен жолаушылармен жұмыс істеген.

Президент тапсырмасына сәйкес, ақ халаттыларды 3 категория бойынша бөліп, арнайы қаржылық үстемақы төленді. Гүлвира Мағзұмова №2 көпбейінді қалалық аурухананың дәрігері. Медицина саласында 30 жыл аянбай тер төгіп келеді. Наурыз айында елдегі індетке қарсы күресте алдыңғы қатарда қызмет еткен білікті дәрігер. 21 наурыз күні карантиндік госпитальға 17 адам болып барған.

Бар-жоғы екі сағаттың ішінде ұшақтан түсетін жолаушыларды қабылдауға сақадай-сай болдық дейді. Алғаш 18 адамды қабылдады. Екінші рейсте 98 адамды, екі аптаның ішінде 500-ден аса жолаушыны тексерген. Сақтық шаралары жасалғанмен, қорқыныш та болғанын жасырмады.
Қорқыныш әрине, болды.Ол жерде жиналған адамдардың бәрінде қорқыныш болды.Осы ауру жайлы ақпарат көбейген сайын біздің медицицналық персонал арасында да қорқыныш пайда бола бастады.Сондықтан маған ол жерде ұйымдастырушы адам болғандықтан ауыр жүк артылды. Барлығына психологиялық тұрғыдан көмектесуге тырыстым. Осылай жұмысымызды 4 сәуір күні аяқтадық, - дейді №2 көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Гүлвира Мағзұмова.
 № 2 көпбейінді қалалық аурухана, елордадағы ең үлкен медициналық мекемелердің бірі. Бұл жерде 2000-нан аса қызметкер жұмыс істейді. Емханаға дәрігерлері мен медбикелеріне 5 үлкен қонақ үйге карантинге түскен адамдарды тексеру жүктелген. Адамдарды 21 наурызда түнгі уақыттан бастап қабылдаған. Жан-жақтан келгендерді барлығы 22 рейс 2 мың жолаушыны тексерген.
Карантиндік стационарларда тек мықты мамандар жұмыс істеді. Біз волонтерлерді, студенттерді жұмысқа тартқан жоқпыз. Себебі ол алаңда өзін және өзгені қорғай алатын оқытылған мамандар болуы керек. Біздің ауруханамыздан ешқандай вирус жұқтырған немесе вирус анықталған бірде-бір қызметкер жоқ. Барлық жұмыс істегендерге арнайы ынталандыру сыйақылар берілді. Президенттің берген тапсырмасы орындалып, қызметкерлерге күні кеше ақша аударылды. Әр категория бойынша есептесек, біздің атқарған жұмыс 3-шіге жатады. 212 мыңнан ақша төленді, - деді  көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Ли.

Ауруханада 47 бөлімше бар. Жылына 12 мыңнан аса әйел босанады. 40 мыңға жуық адам емделеді. Коронавируспен күресте білікті дәрігерлер аянып қалған жоқпыз дейді. Стационарларға 100-ден аса медицина маманы осы ауруханадан жіберілген. "Еңбектің еленгені қуантады", дейді ақ халаттылар


Өзгелердің жаңалығы