Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Facebook-тегі ресми парақшасында 42 500 теңге әлеуметтік төлем алудағы жауапкершілік туралы жазды.
Біржан Нұрымбетов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің азаматтарды жауапқа тарту құзіреті жоқ екенін айтты.Бірден айта кету керек, Еңбек министрлігінің азаматтарды жауапқа тарту құзіреті жоқ. Бізде мемлекеттік еңбек инспекциясы болды, бірақ ол 2013 жылы әкімдерге тапсырылды. Сондықтан біз ешкімді, тіпті қылмыскерді де жауапқа тарта алмаймыз, - деп жазды ол.
42 500 теңге төңірегіндегі шуға қатысты, бұл төлемді кімнің алуға құқығы барын, кімнің құқығы жоғына тоқталған министр:
Біз алғашқы күннен бастап бұл әлеуметтік көмекті төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына жіберілген, кіріс көзін жоғалтқан жалдамалы жұмысшыларға берілетінін айтып та, түсіндіріп те келеміз. Бұл туралы бұйрықта (Ережеде) алғашқы күннен бастап жазылған және ешқашан өзгермеген.Өкінішке қарай, жұмыс істеп, жалақыларын алып жүрсе де, жалдамалы жұмыскерлер де (яғни, оларды ешкім жалақысы сақталмайтын демалысқа жібермеген) 42 500 теңге төлем алуға өтініш берген. Ережеге сәйкес сіздің бұл төлемді алуға хақыңыз жоқ, - деді.
Біржан Нұрымбетов өзіне "Онда неге бізге ақша төледі?", деп жазып жатқандар бар екенін айтты.
Себебі, сіз (немесе жұмыс берушіңіз) жұмыс берушіңіз жалақыңыз сақталмайтын демалысқа жібергеніне (оның БСН көрсете отырып) байланысты кіріс көзін жоғалғаныңызды растайтын өтініш бергенсіз. Осы орайда «мұны неге өтінішті қарау барысында тексермегенсіз», дегендерге айтарым, мұны біз ешқандай жолмен растай алмадық. Себебі, Ереженің бастапқы нұсқасында біз жұмыс берушіден өтінішпен бірге өз қызметкерлерін жалақысыз еңбек демалысына жіберу туралы бұйрықтың көшірмесін және қаражаттың болмауына байланысты төлем жасай алмайтындығын растайтын басқа құжаттарды қоса беруді сұрадық. Екінші күні жұмыс берушілер, жұмысшылар, көпшілік, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, әкімдер бұл тым қағазбастылық екенін айтып, жұмыс берушілерге сканерленген бұл құжаттарды eGov-қа тіркеу кезінде қиындық туындайтынын айтты. Біз бұл талаптарды ескеріп, өтініш беруші төтенше жағдайға байланысты өзінің кірісін жоғалтқанын растайтын өтінішті және және берілген ақпараттың нақтылығы үшін жауапкершілік алуды ғана қалдырдық, - деді министр.
Сондай-ақ көптеген жұмысшылардың тілектеріне сәйкес (жұмыс берушілері олар үшін өтініш беруге асықпағандар), қызметкерге өзі қызмет ететін ұйымының БСН-ін көрсете отырып, өтініш беруге мүмкіндік берілген.
Бұл арада біз адамдардың, қоғамның пікіріне құлақ асуда дұрыс қадам жасадық деп ойлаймын. Алайда, сізде жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына жіберілгеніңіз туралы бұйрықтың бар-жоғын тексере алмас едік. Сіз өтінішіңіз арқылы хабарладыңыз, біз оны қабылдадық. Кейбір адамдар бізде деректер базасы болғандықтан, бұл заң бұзушылықты тексеру кезінде байқау керек еді деп санайды. Біздің дерекқорымызда жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына жіберілгеніңіз жайындағы бұйрық туралы ақпарат жоқ. Сіздердің талаптарыңызға сәйкес, біз мұндай бұйрықты ескерту қағидасымен алмастырып тастадық. Сонымен қатар, бізде мүлдем жоқ бұйрық туралы ақпараттың болуы да мүмкін емес (өйткені, сізде де ол жоқ, демалысқа шықпадыңыз, жұмыс істеп жатырсыз және жалақы алып жүрсіз, төтенше жағдайға байланысты табысыңызды жоғалтпадыңыз), - деді ол.
Осы орайда министр төлемді кім тағайындады және төледі, сол кінәлі деген пікірмен келіспейтінін жазды.
Жоғарыда жазылғандардың барлығы жұмыс істеп, жалақы алып жүрсе де, өтініш беріп, 42 500 теңге алған қызметкерлерге ғана қатысты. Ережеге сәйкес, бұл төлем ақысы сақталмайтын еңбек демалысына жіберілген қызметкерлерге ғана арналған. Осыған байланысты 42 500 сомасын бөліп жатқан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) заңсыз алынған төлемдердің қайтарылуын талап етуге толық құқылы. Естеріңізге сала кетейін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 42500-ден бөлек, мүгедектік, асыраушысынан, жұмысынан айырылу, декреттік және бір жасқа дейінгі бала күтіміне қатысты төлем жасайды. Еңбек министрлігінің жоғарыда аталған жұмыс берушілер мен қызметкерлерден басқа төлем алушыларға шағымы жоқ. Министрлік 42 500 теңге алған адамдарға (ЖК, ТЖ, АҚС, БЖТ жасағанда, декреттік демалыстағылар және т.б.) қатысты ешқандай тексеріс бастамайды. Тағы айтарым - біз жоғарыда аталған қызметкерлер мен жұмыс берушілерден басқа ешкімді тексермейміз, - деп түйіндеді Біржан Нұрымбетов.