Дзюдодан жастар құрамасының аға жаттықтырушы тағайындалды

19 Қаңтар 2019, 11:50
3254
Бөлісу:
Дзюдодан жастар құрамасының аға жаттықтырушы тағайындалды

Астана, BAQ.KZ. «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК шешімен Азамат Мұқанов Қазақстан ұлдар жастар құрама командасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды, деп мәлімдеді Қазақстан Дзюдо Федерациясының баспасөз қызметі.

Ал қыздар жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметі Арсен Хатипке тапсырылды. Арсен Хатип 2015 жылдан бастап Қазақстан ұлдар жастар құрамасын баптаған болатын. Ол өз кезегінде 1 Әлем Чемпионы мен Әлем чемпионатының 4 қола жүлдегерін тәрбиелеп шығарды.

Естеріңізге сала кетсек, дзюдодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов 2018 жылдың қараша айында кәсіби спорттағы карьерасын аяқтаған болатын. Енді ол спорттағы жолын бапкер ретінде жалғастырады.

«Мақсатымыз – ел намысын абыроймен қорғайтын намысты жігіттерді Азия және Әлем чемпионионы етіп шығару. Біз шықпаған белесті жаңа буын бағындырса деймін. Жауапты лауазымға сенім артып тапсырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін!», - дейді Азамат Мұқанов.

Азамат Мұқанов – даңқты әрі тәжірибелі дзюдошы. Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері. Азия ойындары мен Азия Чемпионатының қола жүлдегері. Екі дүркін «Grand Slam» кезеңінің күміс жүлдегері. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері.

Өзгелердің жаңалығы