Дзюдодан әлем чемпионаты: Қырғызбаев - финалда, Шамшидин қола үшін күреспек

6 Маусым 2021, 19:24
1656
Бөлісу:
Дзюдодан әлем чемпионаты: Қырғызбаев - финалда, Шамшидин қола үшін күреспек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлады Olympic.kz.

Жартылай финалда ол франциялық Валиде Хиярдан басым түсті. Ол финалда ресейлік Яго Абуладзамен күреседі. 

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп жатқан тағы бір балуанымыз Мағжан Шамшадин жартылай финалда қарсыласына есе жіберді. 

Нәтижесінде, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. 

Кіші финалда оның қарсыласы әзербайжандық Карамат Хусейнов болмақ. 

Жарыстың финалдық кезеңі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де басталады. QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 


Өзгелердің жаңалығы