Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдошы Есет Қуанов Қазақстан қоржынына әлемдік Grand Slam жарысының екінші қола жүлдесін салды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Кеше Рсейдің Қазан қаласында дзюдодан әдемдік grand Slam турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық балуандар екі жүлде жеңіп алды.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Есет Қуанов кіші финалда грузиялық Баграти Ниниашвилиді иппон ұпайымен таза жеңді.
Айта кетерлігі, осыған дейін 60 келі салмақта сынға түскен Дәурен Сүйеукенов ел қоржынына бірінші қоланы сыйлаған.