Джо Байден 2024 жылы сайлауға қатысатынын мәлімдеді

26 Ақпан 2023, 16:56
1252
Бөлісу:
Джо Байден 2024 жылы сайлауға қатысатынын мәлімдеді
Фото: twitter.com/POTUS

АҚШ Президенті Джо Байден 2024 жылы сайлауға түсуге ниетті екенін мәлімдеді, бірақ науқан басталғанша әлі көп жұмыс істеу керектігін атап өтті. Ол жұма күні ABC телеарнасына берген сұхбатында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтемемен.

Байденнің айтуынша, ол келесі президент сайлауына «қатысуға ниетті».

Алайда, науқан басталмас бұрын бұған дейін басталған көп жұмысты аяқтауым керек, - деп атап өтті ол.

80 жастағы демократтың ойынша, оның жасы сайлауға қатысу бойынша жоспарына әсер етпейді.

Бірақ, адамдардың менің жасым туралы сұрақ қоюына негіз бар, - деді ол.

Джо Байден мемлекет басшысы лауазымына қайта сайлануға қатысу туралы жоспарымен 2022 жылғы 9 қарашада бөліскен болатын, алайда толық шешімді осы жылдың басында қабылдайтынын ескерткен.

Айта кетсек, АҚШ-тың бұрынғы президенті, республикалық Дональд Трамп 2024 жылы президент сайлауына қатысуға ресми түрде өтініш берген еді. Ол сайлау науқанын бастап кетті.

Оңтүстік Каролина штатының бұрынғы республикашыл губернаторы және АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болған Никки Хейли де 2024 жылғы президенттік сайлауға түсуге дайын екенін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы