Джеки Чанның Алматыға сапары: Полиция халықаралық киножобаның қауіпсіздігін күшейтті

Халықаралық деңгейдегі жобаны өткізу кезінде түсірілім тобы мүшелерінің, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты басымдықтардың бірі ретінде белгіленді.

 Polisia.kz 12 Шілде 2026, 22:53
12 Шілде 2026, 22:53
203
Фото: Polisia.kz

Әлемге әйгілі актер Джеки Чанның Алматыға келуі және халықаралық киножобаның түсірілім жұмыстарының басталуы қарсаңында қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ауқымды дайындық жүргізілді. Осыған байланысты Алматы қаласы Полиция департаментінде қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау және жауапты қызметтердің өзара іс-қимылын үйлестіру мәселелеріне арналған кеңейтілген жұмыс кеңесі өтті.

Халықаралық деңгейдегі жобаны өткізу кезінде түсірілім тобы мүшелерінің, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты басымдықтардың бірі ретінде белгіленді. Осы мақсатта дайындық шаралары барлық жауапты мемлекеттік органдардың қатысуымен алдын ала ұйымдастырылды.

Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдиновтың айтуынша, құқық қорғау органдарының негізгі міндеті – қоғамдық қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтау және түсірілім жұмыстарының кедергісіз өтуіне барлық қажетті жағдай жасау.

Біздің басты міндетіміз – қоғамдық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сенімді қорғау және түсірілім жұмыстарының алаңсыз өтуіне барлық қажетті жағдайды жасау. Әрбір қызмет кәсіби деңгейде, өзара үйлесімді әрі заң талаптарын қатаң сақтай отырып әрекет етуге тиіс, – деді Айдын Қабдұлдинов.

Наверх