Дүйсенова Ақмола облысының тұрғындарына халықты әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты

9 Қараша 2022, 13:23
851
Бөлісу:
Дүйсенова Ақмола облысының тұрғындарына  халықты әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты
PHOTO

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ақмола облысына жұмыс сапары аясында көпбалалы аналармен, мүгедектігі бар адамдармен, зейнеткерлермен және ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министр балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту және қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру шаралары туралы айтып берді.

Тамара Дүйсенова өз сөзінің басында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қолдауды жақсартуға бағытталған бірқатар шараларды көздейтін әлеуметтік кодекстің жобасын әзірлегенін хабарлады.

Дүйсенова Ақмола облысының тұрғындарына  халықты әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты

Әлеуметтік кодекстің жобасын әзірлеу барысында сарапшылар мен азаматтық қоғамдастық тарапынан 1000-нан астам ұсыныстар түсті, 50-ден астам заң мен 200 заңға тәуелді актілер жан-жақты зерделенді. Әлеуметтік кодекстің қабылдануына орай 80-нен астам заңға өзгерістер енгізілетін болады, сондай-ақ 10 заң өзінің күшін жояды.Әлеуметтік кодекс әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде мемлекет тарапынан көмекті қамтамасыз ете отырып, азаматтарды өмір бойы сүйемелдейтін болады. Бұл ретте азаматтардың жекелеген осал санаттарын қолдау тәсілінен қазақстандық отбасын нығайту мен дамыту үшін базалық жағдайлар жасауға көшу жүзеге асырылатын болады, – деді Дүйсенова.

Министр Әлеуметтік кодексті іске асыру құралдарының құрамдас бір бөлігі осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде іске қосылған Отбасының цифрлық картасы болатынын атап өтті. Бұл мемлекеттік органдарға азаматтардың жүгінуін күтпестен проактивті форматта көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Іске қосылған сәттен бастап 36 мың адамға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS хабарлама жолданады. Бұл ретте өтінішсіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 7 мыңнан астам адам пайдаланды.

Министр  Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Әлеуметтік кодекс жобасын іске асыру шеңберінде бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемді төлеу мерзімін ұзарту, марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерін ұлғайту жолымен балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту көзделгенін атап өтті. Сондай-ақ, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын арнайы жинақтау шоттарына аудару көзделген.

Тамара Дүйсенова әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту ірі интернат-үйлерде қызмет көрсетуден олардың қызмет алушылары тұратын жерлерде орналасқан шағын жинақталған әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында қызмет көрсетуге көшу жолымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін кеңейту есебінен жүзеге асырылатынын хабарлады.

Дүйсенова Ақмола облысының тұрғындарына  халықты әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты

Бұдан басқа арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың отбасының жұмыссыз мүшелерін әлеуметтік қызметтерге тарту жоспарлануда. Оларға тиісті еңбекақы, әлеуметтік аударымдар және еңбек өтіліндегі осы қызмет түрін ескере отырып, жеке көмекші ретінде ресімдеу мүмкіндігі беріледі. Қатысушыларға қойылатын негізгі талап олардың осындай қызметтерді көрсету үшін тиісті дағдыларының, икемі мен біліктіліктерінің болуы қажет.

Сонымен қатар Әлеуметтік кодекс жобасында жалпы тарифтердің орнына арнайы әлеуметтік қызметтерді жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидатын енгізу көзделіп отыр. Тариф белгілеудің жаңа жүйесі арнайы қызмет көрсететін ұйымдар үшін жан басына шаққандағы норматив пен өтемдік техникалық құралдарды жеткізетін ұйымдар үшін шекті бағаларды көздейтін болады, – деді Тамара Дүйсенова.

Ол сондай-ақ қызметтердің сапасын арттыру және мүгедектік тобын белгілеу және оңалтудың техникалық құралдары мен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселелерінде адами факторды төмендету мақсатында медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізуді енгізу және Әлеуметтік қызметтер порталын дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылатынын айтты.

Кездесу барысында Еңбекминінің басшысы қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі және ең жоғары мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру басталады. Бұл ретте жыл сайынғы өсім шамамен 13%-ды құрайды және барлық 2,2 млн зейнеткерге қатысты болады. Сонымен қатар ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылатын болады, бұл зейнетақы мөлшеріне де әсер етеді. Жалпы жаңа шаралар пакеті 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27% - ға арттыруға мүмкіндік береді, – деді Тамара Дүйсенова.

Өзгелердің жаңалығы