Дүйсенбіге арналған ауа райы

7 Қараша 2022, 10:21
555
Бөлісу:
Дүйсенбіге арналған ауа райы

Республика бойынша тұман, жел солтүстігінде жаяу бұрқасынмен күшейеді, солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде қатты жаңбыр жауады.  

Астана қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 0,-2 градус аяз болады. 

 Алматы қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде 4-6, күндіз 13-15 градус жылы болады.  

Шымкент қаласында: бұлтты, жаңбыр, таңертең және күндіз қатты жаңбыр. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 8-13, таңертең және күндіз 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде және  күндіз 8-10 градус жылы болады.

Өзгелердің жаңалығы