Дүйсенбіде республиканың бірқатар аймағында 1 ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

10 Желтоқсан 2023, 23:08
18378
Бөлісу:
Дүйсенбіде республиканың бірқатар аймағында 1 ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды
Фото: baq.kz

Қатты аяздың болжануына байланысты Ақмола облысының Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы барлық оқушы онлайнға көшірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауа температурасының минус 35 градусқа төмендеуіне байланысты 11 желтоқсанда Көкшетау қаласы мектептерінің бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өткізіледі, - делінген қалалық білім бөлімінің мәліметінде.

Сонымен қатар Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыздығынан төменгі сынып оқушылары қашықтан оқиды.

Бұл жөнінде Қызылорда қалалық білім бөлімі мәлім етті.

Қызылорда қаласы бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты ертең, 11 желтоқсанда 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқытылады. Бұл шешім қаладағы 56 мектеп пен жеке мектептердің бастауыш сыныптарына қатысты, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Атырау облыстық білім басқармасы да қаладағы барлық мектептер бірінші ауысымда онлайн оқитынын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы