«Дүниежүзілік метрология күні» UNESCO аясында аталып өтеді

16 Қараша 2022, 16:05
1195
Бөлісу:
«Дүниежүзілік метрология күні» UNESCO аясында аталып өтеді
PHOTO

Францияның Версаль қаласында «Өлшем нәтижелерінің жаһандық салыстырмалылығын ілгерілету және дамыту үшін бірлесіп жұмыс істеу» ұранымен салмақ пен өлшем бойынша 27-ші  конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Іс-шараға 60-тан астам елден келген 300-ге жуық қатысушы Қазақстанның Дүниежүзілік метрология күнін UNESCO оқиғасы деп тану туралы ұсынысын қолдады. Енді бұл шешімді UNESCO Бас конференциясының 42-сессиясы ратификациялайды, одан кейін UNESCO аясында Дүниежүзілік метрология күні аталып өтеді.

«Дүниежүзілік метрология күні» UNESCO аясында аталып өтеді

 Бұл шара Дүниежүзілік метрология күнін ілгерілету үшін BIPM (Халықаралық салмақ пен өлшем бюросы) және OIML (Халықаралық құқықтық метрология ұйымы) үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Еске салайық, Қазақстан 1992 жылдың 22 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымының (UNESCO) мүшесі болып табылады. Сондай-ақ Қазақстан Сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті және «ҚазСтандарт» РМК атынан 2008 жылдан бастап Халықаралық салмақтар мен өлшемдер ұйымының (BIPM) 52-ші толық мүшесі саналады.

«Дүниежүзілік метрология күні» UNESCO аясында аталып өтеді

 Айта кетерлігі, Қазақстан экономикасын әлемдік аренаға шығаратын негізгі факторлардың бірі ұлттық метрологиялық инфрақұрылымды BIPM және OIML жетекшілік ететін жаһандық метрология жүйесіне сәйкес келтіру болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан осы ғылыми және заңнамалық метрологиялық ұйымдардың қызметіне белсенді түрде қатысады, және Қазақстанның метрологиялық жүйесі еліміздің экономикалық көрсеткіштеріне өз үлесін қосуда.

Өзгелердің жаңалығы