14 маусым – Дүниежүзілік донор күні

14 Маусым 2020, 18:01
2202
Бөлісу:
14 маусым – Дүниежүзілік донор күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін - Дүниежүзілік донор күні. 2005 жылдың мамырында Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясында бірқатар мемлекеттің денсаулық сақтау министрлері ерікті қан тапсыруды қолдау туралы өтінішті бірауыздан мақұлдады. 

Олар қарарда 14 маусымды Дүниежүзілік қан донорының күні ретінде атап өтуді бекітті. 

Бұл шараға БҰҰ-ға мүше 193 мемлекет, Қызыл жарты ай мен Қызыл крест ұйымдарының 181 ұлттық қоғамы, ерікті қан тапсырушылардың 50 ұйымы және әлемнің түкпір-түкпірінен қан құюға машықтанған көптеген маман қатысқан.

Әлемде әр секундта кез келген жастағы бір адамда қан құюға деген қажеттілік туындайды. Қанға деген қажеттілік жалпы болғанымен, оған қолжетімділік барлығында бірдей емес. Әсіресе, қанға деген тапшылық дамушы елдерде ерекше байқалады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, медициналық ұйымдарды қанның құрамдас бөліктерімен толық қамтамасыз ету үшін 1000 тұрғынға шаққанда 20-25 адамның қан тапсыруы қажет.

Айта кетейік, Қазақстанда трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қан әзірлеу көрсеткіші ТМД бойынша қан орталықтарының алдыңғы бестігіне кіреді.

Өзгелердің жаңалығы