Дүниежүзілік банк Қазақстанда қандай бағытта жұмыс істейді?

19 Шілде 2023, 20:57
820
Бөлісу:
Дүниежүзілік банк Қазақстанда қандай бағытта жұмыс істейді?
Фото: gov.kz

Ұлттық экономика министрлігі мен Дүниежүзілік банк инфрақұрылымдық даму саласындағы бірлескен жобаларды талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық экономика министрі, Дүниежүзілік банктің Қазақстан атынан басқарушысы Әлібек Қуантыров Дүниежүзілік банктің басқарушы директоры Анна Бъердемен кездесті. ​Кездесу басында Әлібек Қуантыров Анна Бъердені жаңа жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтады.

Сондай-ақ ол Қазақстан мен Орталық Азия өңірінің инфрақұрылымын жандандыруға бағытталған баламалы сауда жолдарын дамыту және өзара ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ҚР Үкіметінің жоспарлары туралы айтты.

Өз тарапынан А.Бъерде ДБ-ның Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға, «экологиялық таза» инфрақұрылымды құруға және қажетті қаржыландыру мен консультациялық қызметтерді ұсынуға мүдделі екенін білдірді.

Соңында тараптар ықтимал болашақ бірлескен жобалар бойынша әріптестік қатынастардың маңызды тұстары мен басымдықтарын айқындады.

Өзгелердің жаңалығы