Дүниежүзілік банк елімізге тест әзірлеушілерді оқытып берді

30 Шілде 2023, 06:48
586
Бөлісу:
Дүниежүзілік банк елімізге тест әзірлеушілерді оқытып берді
Фото: baq.kz

Дүниежүзілік Банктің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында елде 350 тест әзірлеуші-сарапшы оқытылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

ҰБТ бойынша 5 мың тест тапсырмасы әзірленеді. Барлық жұмыстар келер жылы аяқталады деп жоспарланған. Бұл жөнінде жоғары ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға баяндады. Бүгін вице-премьер Ұлттық тестілеу орталығына барып, ұйымның қызметімен танысты. Мұнда Тамара Дүйсеноваға білім беру жүйесінде сыртқы емтихандар мен мониторингтердің барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізу рәсімі мен Республикалық апелляциялық комиссияның жұмысы көрсетілді.

Сонымен қатар кездесу барысында орта білім беруді жаңғырту және ҰБТ форматын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы