ДСМ жетекшілердің санын неге қысқартты?

27 Тамыз 2022, 12:26
870
Бөлісу:
ДСМ жетекшілердің санын неге қысқартты?

Бұл туралы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі. 

Комитеттің қызметін оңтайландыру аясында біз биыл өңірлік департаментте жұмыс істейтін жетекшілер санын қысқарттық. Әрбір өңірлік департаментте жетекші мен оның екі орынбасары болады. Оңтайландыру аясында біз орынбасар ретіндегі жетекшілерді қысқартып, қызметті департамент жетекшісі мен оның орынбасары арасында бөлуді ұйғардық, - деді Байсеркин.

Оның айтуынша, қызметті медицина қызметін ұсынуды реттейтін сарапшыларға жүктеу көзделген. 

Осылайша, қысқартылған жетекшілер бойынша екі маманды жұмысқа алынды. Олар жұмыстың сапасы бойынша нысандарға  бақылауға шығады. Бұл оңтайландыру сапа мен көлемге әсер еткен жоқ. Біз жыл сайын 50 мың мемлекеттік қызмет көрсетеміз. Медициналық блок бойынша біз 9 мемлекеттік қызмет көрсетеміз. Осы өткен уақытта 38 мың қызмет көрсетіп үлгердік, - деді Бауыржан Байсеркин. 

Өзгелердің жаңалығы