ДСМ: Қызылша бойынша эпидахуал тұрақталып келеді

23 Наурыз 2024, 22:47
3000
Бөлісу:
ДСМ: Қызылша бойынша эпидахуал тұрақталып келеді
Фото: BAQ.KZ архив

Соңғы екі айдың ішінде қызылша ауруы 38%-ға төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Қосымша иммундау аясында вакцинациялауға жататын адамдардың 92%-ы егілді. Бұл ретте қызылшамен сырқаттанушылықты тіркеу жалғасуда. Осыған байланысты ата-аналар балаларында қызылшаға қарсы екпелердің болуын тексеруі қажет. Вакцинациялау болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша емханада вакцинация алуды ұсынамыз, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Қызылша асқынулармен қауіпті

Қызылшаның белгілері ЖРВИ белгілеріне ұқсас: дене температурасының жоғарылауы; жөтел; аурудың 4-5 күнінен бастап бөртпе пайда болады.

Қызылша асқынулармен қауіпті: Энцефалит; Пневмония; Отит.

Қызылшаның профилактикасының жалғыз сенімді құралы – уақтылы вакцинациялау.

Вакцинациялау 1 және 6 жастағы балаларға жүргізіледі.

Вакцинациялау арқылы - балаларыңызды қызылшаның ауыр түрінен және оның салдарынан қорғайсыз.

Елімізде қызылшаға қарсы ддұ сертификатталған қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады

ҚР-да вакцинаны енгізуге байланысты иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Күтілетін реакциялар – дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, вакцина енгізілген жердің қызаруы, ісінуі тіркеледі.

Өзгелердің жаңалығы