ДСМ: Коронавирус пен пневмониядан 3 науқас қайтыс болды

10 Наурыз 2021, 09:05
1571
Бөлісу:
ДСМ: Коронавирус пен пневмониядан 3 науқас қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ баспасөз қызметі 2021 жылдың 10 наурыздағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты таратты.

10 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 476 адам коронавирус инфекциясынан (13 730 КВИ+ және 4 746 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 555 пациент стационарда, 13 921 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, - делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 230 адамның жағдайы ауыр;
• 56 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

ДСМ: Коронавирус пен пневмониядан 3 науқас қайтыс болды

Бұдан бөлек министрлік COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректі де ұсынды.

2021 жылғы 8 наурыздағы мәлімет бойынша 4 жағдай тіркеліп, 1 жағдай өліммен аяқталған. 203 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 49 581, өлім жағдайлары - 647, барлығы 44 188 адам сауығып шықты.

Өзгелердің жаңалығы