ДСМ "eDensaulyq" сервисін таныстырады

15 Қаңтар 2024, 21:00
506
Бөлісу:
ДСМ "eDensaulyq" сервисін таныстырады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі парақшасында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Достар, бүгін біз "eDensaulyq" сервисінің мүмкіндіктері туралы толығырақ айтып беру үшін Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаевтың қатысуымен бейнероликтер сериясын іске қосамыз.

Әрбір азамат өзінің дербес медициналық деректеріне қол жеткізе отырып, сервисті пайдалана алады және вакцинациялау мәртебесін, емханаға баруды, алынған дәрі-дәрмектерді, емдеуге жатқызу тәртібін, еңбекке жарамсыздық парақтарын және басқаларды қоса алғанда, өзінің денсаулығы туралы ақпаратты біле алады.

Ең бастысы, "eDensaulyq" сервисінің көмегімен азаматтар өз бейініндегі медициналық ақпаратты бақылап, басқара алады. Денсаулық сақтауда цифрлық ортаны құрудың басты мақсаты - әрбір пациентке медициналық көмек алу үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету болып табылады, - делінген жазбада.

Өзгелердің жаңалығы