ДСМ: Әлі күнге коронавирус жоқ дейтін адамдар бар

1 Ақпан 2022, 16:09
1372
Бөлісу:
ДСМ: Әлі күнге коронавирус жоқ дейтін адамдар бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады. Оның айтуынша, індетке қарсы екпе алудың маңыздылығын адамдарға түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. 

Көп адамдар өзі ауырып немесе жақынын жоғалтқанда ғана саналы түрде екпе алуға келеді. Әлі күнге коронавирус инфекциясы бар дегенге сенбейтін адамдар бар. 3 жылдан бері вируспен күресудеміз. Адамдар өкінішке қарай жалған ақпараттарға сенеді, - деп ағынан жарылды комитеттің ресми өкілі.  

Сондай-ақ ол індеттен қорғанудың ең тиімді жолы – вакцина екендігін алға тартты. 

Вакцинаны мемлекет үлкен еңбекпен ойлап шығарады. Екпе ойлап табу деген оңай нәрсе емес. Бір тамшы вакцинаны алу үшін үкіметтік, мемлекеттік деңгейде үлкен келіссөздер жүргізіледі. Бүгінгі таңда бізде вакцинация үшін таңдау көп. Олардың барлығы шығарылған мемлекеттің бақылауынан бөлек, еліміздегі Дәрілік заттарды экспертизалау ұлттық орталығының тексеруінен, зерттеуінен өтеді, - деді Ержан Байтанаев

Өзгелердің жаңалығы