ДСМ: 5 өңірде жаңа онкология орталықтары салынады

28 Ақпан 2023, 11:40
912
Бөлісу:
ДСМ: 5 өңірде жаңа онкология орталықтары салынады

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

5 өңірде: Алматы қаласы, Атырау, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарында жаңа онкология орталықтарын салу және Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында радиологиялық корпус пен операциялық-реанимациялық корпустарды реконструкциялау жоспарланып отыр. Сондай-ақ соңғы 3 жылда жаңа онкология орталықтары пайдалануға берілген Маңғыстау, Павлодар және Жамбыл облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерде онкология орталықтарына күрделі жөндеу жүргізу көзделген, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар паллиативтік көмек және оңалту бағыты бойынша қолға алынатын шараларға тоқталды. 

Онкологиялық пациенттерге арналған мобилдік бригадалар желісін, инвазивті емес және морфині бар дәрілік заттар спектрін, оңалту көмегін кеңейту және денсаулық сақтау мамандарын пациенттерді біртіндеп ауырсыздандыру әдістемесіне оқыту жөніндегі іс-шаралар қарастырылған. Онкология бойынша резидентурада жыл сайын кемінде 50, сәулелік терапияда кемінде 10-12 орындар саны ұлғайтылатын болады. Медициналық емес мамандардың (физиктер, дозиметристер, химиктер) даярланатын, біліктілігі арттырылатын, оның ішінде әлемнің жетекші онкология орталықтарында оқытылатын болады. Ұлттық ғылыми онкология орталығының базасында 2025 жылға қарай клиникаға дейінгі зерттеулер мен ісік геномы зертханалары құрылады, - деді Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы