Дрон көмегімен қарасора өсіретін жер анықталды

11 Тамыз 2023, 20:34
820
Бөлісу:
Дрон көмегімен қарасора өсіретін жер анықталды
Фото: Қорғаныс министрлігі

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Sky lark ұшқышсыз ұшу аппараты есептобының көмегімен Жамбыл облысында қарасора өсіретін жерді анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қарасора-2023» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар есептобы Жамбыл ауданы Бесжылдық ауылының аумағын зерттеп көрді. Тұрғын үйлердің бірінен әскери қызметшілер қарапайым үй бақшасынан ұқсамайтын жерді тапты.

Плантацияның тормен бүркемеленуіне байланысты оны анықтау күрделілеу болды.  Дәлірек ақпарат жинау үшін біз аппаратты 250-ден 150 метрге дейін төмендеттік, суретке түсірдік және учаскенің координаттарын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бердік, – деп түсіндірді ҰҰА есептобының командирі аға лейтенант Бауыржан Атымтаев. 

Учаскенің орналасқан жері туралы нақты деректерді алғаннан кейін ІІМ, Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері аумақты және шаруашылық құрылыстарды тінтіп, үй иесінен табылған қарасораны тәркілеген.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев әскери ұшқышсыз ұшу құрылғыларын қолдану арқылы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігі өткен жылы аталған есептоп қатысқан «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шаралары кезінде дәлелденгенін атап өтті. Бұл құрылғылар қарасора өсірілетін және оның заңсыз дайындайтын жетуі қиын құмды аймақты зерттеуге мүмкіндік береді.

Осы маусымда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімінің әскери қызметшілері мұндай заңсыз жолмен қарасора өсіріп-жинайтын орынды үшінші рет нәтижелі анықтап отыр.

Өзгелердің жаңалығы