Дрон арқылы түрмеге телефон кіргізбек болған

6 Ақпан 2021, 04:21
1431
Бөлісу:
Дрон арқылы түрмеге телефон кіргізбек болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында қауіпсіздігі барынша жоғары ТЖ-158/4 мекемесінің аумағына дронмен тыйым салынған заттар өткізбек болған.

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері «курьер-дронды» түрменің іргелес аумағында, әкімшілік ғимараттың артында байқаған.

Дронға бөтелке байланған екен. Ал ішінде телефондар болған.

Аталған факті бойынша Тараз қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Аутопсия кезінде екі смартфон анықталды. Аппаратты іске қосқан адамды кезекші наряд таппады. Қызметтік тексеру тағайындалды, – дейді ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков. 

Өзгелердің жаңалығы