Доссорда 10,4 км көлік жолы мен 5,6 км жаяу жүргінші жолы салынады – Атырау

18 Мамыр 2023, 22:55
952
Бөлісу:
Доссорда 10,4 км көлік жолы мен 5,6 км жаяу жүргінші жолы салынады – Атырау
Фото: Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Доссорда 10,4 км көлік жолы мен 5,6 км жаяу жүргінші жолы салынады. Бұл аталған кенттің 99 пайыз жолмен қамтылуы, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Темірбек Іңірбайдың айтуынша, қазір «Доссор кентіндегі 23,6 шақырым автокөлік жолын салу» жобасы бойынша жұмыстар жүруде.

Жоспарға сәйкес «Болашақ» ықшам ауданына, 7-ауыл яғни, Б.Момышұлы, Р.Қитаров, Ғ.Құрманғалиев көшелеріне, сонымен қатар Ш.Еркешов, Б.Аймағамбетов, Қ.Құдабаев, Н.Құсайынов көшелеріне 10,4 шақырым автокөлік жолдары және 5,6 шақырым жаяу жүргінші жолдары салынбақ, – деді Темірбек Іңірбай.

Жол құрылысына «Атырауинжстройказсервисгрупп» ЖШС мердігерлік етеді. Жолдар мен жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Доссор кентінде бүгінде 14 мыңнан астам халық бар.

Өзгелердің жаңалығы