Досаев: Зардап шеккендерді қолдау бойынша барлық шара қабылданып жатыр

30 Қараша 2023, 11:23
420
Бөлісу:
Досаев: Зардап шеккендерді қолдау бойынша барлық шара қабылданып жатыр
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы әкімдігі өрт салдарынан зардап шеккендерді қолдау бойынша барлық шараны қабылдап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Шәріпов көшесінде орналасқан хостелдің аумағында болған өрт орнына келіп, ғимаратты қарап, өрттің алдын ала болу себебін тыңдады.

Қала басшысы әкімдік зардап шеккендер мен эвакуацияланғандарды қолдау бойынша барлық шараны қабылдағанын атап өтті. Қазіргі уақытта аудан әкімдігі жедел түрде уақытша баспана берді, сондай-ақ барлық эвакуацияланғандар үшін тамақтану ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау басқармасы қажетті медициналық және психологиялық көмекті толық көлемде ұсынуда.

Ерболат Досаев қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең Алматыда орналасқан хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адамды ажал құшты. Белгілі болғандай хостелдің іске қосылғанына не бәрі 1,5 ай болған. Онда шетел азаматтары тұрған. Сонымен қатар өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет белгілі болған еді. Сондай-ақ, өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген болатын.

Өзгелердің жаңалығы