Досаев азық-түлік қымбатшылығымен қалай күресіп жатыр?

7 Шілде 2022, 15:54
1423
Бөлісу:
Досаев азық-түлік қымбатшылығымен қалай күресіп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. 

Айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу үшін алдын алу шаралары қабылдануда.

«Айналым схемасы» бойынша қаржыландыру 4 млрд теңгеге, яғни 11 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Magnum, Small, Toimart сауда желілерінде бекітілген баға – 480 теңгеге сату үшін 6,5 мың тонна қант сатып алынды. Басқа өңірлерден, сондай-ақ  Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран, Пәкістан сынды жақын және алыс шетелден көкөніс пен жемісті тікелей жеткізу ұйымдастырылды. Нан бағасын тұрақтандыру үшін Азық-түлік корпорациясының қорларынан 32 мың тонна астық жеткізілуде, - деп атап өтті мегаполис әкімі. 

Сондай-ақ ол қант бағасының қымбаттауына тоқталды. 

Қант бағасының өсу ықтималдылығы, бакалея өнімдері қорларының азаю, Ресейге көкөніс өнімдерін жаппай экспорттау тәуекелдеріне байланысты ірі сауда желілеріне қант әкелуге жекелеген квоталар бөлу және бакалея мен көкөніс өнімдерінің экспортын шектеу мәселелері пысықталып жатыр. Консервілеу және тосап дайындау маусымына байланысты соңғы аптада халықтың қантқа сұранысы тәулігіне 110-нан 200 тоннаға дейін өсті. Жыл басынан бері Азық-түлік корпорациясы барлығы 136 тонна бөлді, - деді Ерболат Досаев. 

Өзгелердің жаңалығы