"Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаған адам дүниеден озды

4 Тамыз 2023, 13:01
2381
Бөлісу:
"Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаған адам дүниеден озды
Фото: instagram.com/dos_mukasan_official

75 жасқа қараған шағында Александр Михайлович Литвинов қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "Дос-Мұқасан" ансамблінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.

Бүгін түнде 75 жасқа қараған шағында Александр Михайлович Литвинов дүниеден озды. Ол біздің ансамблдің негізін қалаушы, барабаншы болды.  "Дос-Мұқасан" ансамблі Литвиновтің отбасына, балаларына, жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ол біздің жүректерімізде ең шынайы, ең жұмсақ, ең жақсы адам ретінде қалады! Жатқан жері жайлы болсын!, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы