ҚР ДСМ Республикалық қан орталығында қан компоненттерінің жапсырмаларында QR-кодтарды қолдануға негізделген ScanQAN инновациялық цифрлық шешімі енгізілді.
Жаңашылдықты енгізудегі мақсат – медициналық көмектің, соның ішінде қан құюдың қауіпсіздік стандарттарын арттыру және адами факторға байланысты қауіптерді барынша азайту. QR-кодтарды пайдалану қан компоненттерін дайындаудан және сақтаудан бастап, оларды беру мен пациентке трансфузия жүргізуге дейінгі барлық кезеңде дәл әрі жылдам сәйкестендіруге мүмкіндік береді, - деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.
Жаңа жүйе қан компонентінің стандартты жапсырмасын кеңейтілген клиникалық ақпарат көзі ретінде пайдалануға мүмкіндік туғызады.
ScanQAN жүйесі арқылы QR-кодты сканерлегеннен кейін медицина қызметкері қан компоненті туралы мәліметтерге, зертханалық зерттеу нәтижелеріне, сипаттамаларына, сақтау шарттарына, қолдану ерекшеліктеріне және өзекті клиникалық ұсынымдарға жедел қол жеткізе алады. Цифрлық көмекшіні пайдалану медицина мамандарына клиникалық жағдайларда жылдам бағдар алуға, әрбір қан компоненті бойынша кеңейтілген ақпаратты, соның ішінде қолдану көрсетілімдері, шектеулері және әртүрлі клиникалық жағдайларда пайдалану жөніндегі ұсынымдарды алуға мүмкіндік ашады, - делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар, Республикалық қан орталығында сапа менеджменті жүйесінің қосымша цифрлық құралдары енгізілді. Олардың қатарында стандартты операциялық рәсімдерге, нұсқаулықтар мен регламенттерге жедел қол жеткізуге арналған QR-кодтар, сондай-ақ өндірістік үдерістің критикалық нүктелерін бейнемониторингтеу жүйелері бар.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда биыл үш айда 77 ағза алмастырылғаны хабарланды.
Қазақстанда медициналық тексеруден өту үшін міндетті демалыс енгізіледі
Донорларға төлем өсе ме? Қаржы министрлігі нақты жауап берді
Вирус өршіп тұр: Тағы бір круиздік лайнер карантинге алынды