Доллардың 16 қазандағы ресми бағамы

16 Қазан 2020, 02:33
1118
Бөлісу:
Доллардың 16 қазандағы ресми бағамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық банк доллардың 16 қазандағы ресми бағамын атады.

Америкалық валютаның жұмадағы ресми бағамы 427,63 теңге болады.

Қазақстандық KASE қор биржасының мәліметтері бойынша, доллар соңғы бір тәулікте 1,13 теңгеге арзандаған, бірақ ол бір айда 1,27 теңгеге қымбаттаған.

Kurs.kz мәліметінше, Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында доллар 428,8-429,5 теңгеге сатылып, 427-428,5 теңгеге сатып алынып жатыр.

Алматыдағы ақша айырбастаушылар долларды 429,5-430,2 теңгеге сатып жатыр, ал сатып алуы - 428-428,7 теңге.

Өзгелердің жаңалығы