Доллар бағасы қайта көтерілді

7 Наурыз 2023, 17:47
650
Бөлісу:
Доллар бағасы қайта көтерілді
Фото: 7kun.kz

Еліміздің қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,14 теңгеге қымбаттады. Бір доллардың орташа бағамы 438, 57 теңге.

Ұлттық банктің 7 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 432, 83 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,75 теңге.

Қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 438 теңге, сатып алу – 442 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 439,6 теңгеден болса, сатып алу құны – 442,6 теңге.

Ресей рублі 5,65 - 5, 9 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы