Доллар бағамының өсуі: Қазір жағдай күрделі – Ұлттық экономика министрі

1 Наурыз 2022, 12:00
1765
Бөлісу:
Доллар бағамының өсуі: Қазір жағдай күрделі – Ұлттық экономика министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі доллардың өсуімен Үкімет қымбатшылықтың қалай алдын алады?

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін кулуарда Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті.

Қазіргі таңда инфлияциялық қысым күшеюде. Егер Ресей мен Украина арасындағы жағдай тез тұрақтанатын болса қымбаттаншылықтың да әсері төмендейді. Бірақ бұл жағдайға баға беру үшін әлі де қадағалау қажет, - деді Ұлттық экономика министрі.

Сонымен қатар Ә.Қуантыров ел экономикасын тұрақтандыру үшін қандай қадамдарға баратынын айтты.

Үкімет Ұлттық банкпен бірге дағдарысқа қарсы тиісті кешенді жоспарды қабылдады. Бұл жоспар шұғыл түрде орындалып жатыр. Бірнеше сценарийлер бар. Оның ішінде базалық және негативтік, оптимистік сценарийлер бар. Қазір жағдай күрделі. Қазір әсерді бағалау үшін шамалы уақыт керек. Барлық әлеуметтік міндеттер жүзеге асырылады. Себебі Үкіметтің оған барлық мүмкіндіктері бар. Айтып өткенімдей, әр сценарий бойынша жауаптарымыз дайын, - деп түсіндірді министр кулуарда.  
 

Өзгелердің жаңалығы