Доллар бағамы түсіп жатыр

4 Наурыз 2023, 15:04
1200
Бөлісу:
Доллар бағамы түсіп жатыр
Фото: banki.ru

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 4 наурызға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 431,08 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 5,72 теңге.

3 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4, 47 теңгеге төмендеп, 431, 06 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 433 – 436 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 433– 438 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,65– 5,9 теңгеге сатып алуға болады.

Астанада рубль 5,67 -5, 72 теңгеден саудаланып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы