Доллар бағамы 7 теңгеге арзандады

25 Шілде 2022, 17:40
2171
Бөлісу:
Доллар бағамы 7 теңгеге арзандады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 7,38 теңгеге төмендеп, 475,92 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 23-25 ​​шілдедегі доллардың ресми бағамы - 483,88 теңге.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 477,86 теңге, сату – 482,32 теңге.

Өзгелердің жаңалығы