Доллар бағамы 390 теңгеге жетті

8 Тамыз 2019, 15:38
2065
Бөлісу:
Доллар бағамы 390 теңгеге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төртінші күн қатарынан АҚШ доллары Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында қымбаттап келеді.

Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде АҚШ валютасын сатып алу орташа есеппен 388,2 теңге құраса, ал сату 389,4 теңгені құрайды. Алматыда 1 доллардың құны 389 теңге 5 тиын болса Шымкентте 390-ға дейін көтерілген.

Айта кетсек, Ұлттық банк бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы 387 теңге 45 тиын болатын. 

Еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау пунктілеріндегі сату/сатып алу бағамы келесідей:

Нұр-Сұлтан                           Алматы                                    Шымкент

САТЫП АЛУ 388,2тг           САТЫП АЛУ 388,3тг                   САТЫП АЛУ 388тг

САТУ 389,4тг                        САТУ 389,5тг                             САТУ 390 тг

Өзгелердің жаңалығы