Днепрде Қазақстан консулдығы ашылды

8 Шілде 2021, 00:20
1234
Бөлісу:
Днепрде Қазақстан консулдығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 шілдеде Украинаның Днепр қаласында Қазақстан Республикасының Днепропетровск облысындағы құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы хабарлайды Украинадағы Қазақстан Елшілігінің Telegram парақшасында жазылды.

Украинаның Сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин Украинаның ең ірі өндірістік өңірі – Днепропетровск облысындағы Қазақстанның құрметті консулдығының ашылуы маңызды екенін айтты. Днепропетровск облысы Қазақстан Республикасымен бұрыннан дәстүрлі жақын қарым-қатынаста.

Қазақстан Республикасының елшісі Дархан Кәлетаев Украинадағы Қазақстанның құрметті консулдары институтының жұмысын жоғары бағалады. Институт пандемия кезінде қиын жағдайға душар болған Қазақстан азаматтарына барынша көмек көрсеткен. Ол құрметті консулдықтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының туған күнінде ашылғанының мәні бар екенін айтты.

Ол үшін Украина жері мен Днепропетровск облысы бөтен жер емес. Дәл осы жерде болашақ Қазақстан Көшбасшысының еңбек жолы басталған, – деді қазақстандық дипломат.

Өзгелердің жаңалығы