ДКО. Қазақ күресінен тұңғыш рет әйелдер сайысы өтеді

26 Қыркүйек 2022, 12:21
2099
Бөлісу:
ДКО. Қазақ күресінен тұңғыш рет әйелдер сайысы өтеді

Түркияның Изник қаласында өтетін IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында еліміз құрамасы спорттың 4 түрінен ел намысын қорғайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көкпар, қазақ күресі, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату қатарлы ұлттық спортымыздың мәртебесін асқақтатар спортшыларымыз бүгінде дайын. 

Бізге Дүниежүзі көшпенділер ойындары барысында Қазақ күресінен 3 салмақта өнер көрсетуге мүмкіндік берілді. Бір айта кетерлігі, биылғы сайыста қазақ күресінен тұңғыш рет қыздарымыз бақ сынап көретін болады. Олар да үш салмақ дәрежесінде сынға түседі - дейді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев.

Ерлер арасында 3 салмақ (60, 80, +80 келі), әйелдер арасында 3 салмақ (55, 65, +65 келі) бойынша сынға түсер құрыш білек спортшыларымыздың да аты-жөні белгілі.

Ерлер:

Мақсат Исағабылов (+80 келі) - 17.11.1994. (Қызылорда облысы)

Еламан Қойшыбаев (80 келі) - 18.09.1995. (Ақтөбе облысы)

Марат Нығматуллаев (60 келі) - 17.12.1995. (Алматы қаласы)

Қыздар:

Нұрмахамметова Рауза (55 келі) - 05.11.2000. (Жамбыл облысы)

Сарипова Зарина (65 келі) - 08.03.2000. (Абай облысы)

Азамат Мөлдір (+65 келі) - 19.01.2002. (Алматы қаласы)

Ел намысы туралы әңгіме болғанда оның артында үлкен жауапкершілік тұрады. Осы жолғы додада да ел сенімі бірінші орында. Намысты қолдан бермеуге барымызды саламыз - дейді Қазақстан барысы республикалық турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабылов.

Өзгелердің жаңалығы