ДКО. Көкпаршыларымыз ерекше өнер көрсетті - министр

2 Қазан 2022, 19:49
1552
Бөлісу:
ДКО. Көкпаршыларымыз ерекше өнер көрсетті - министр
PHOTO

Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан IV Дүниежүзі көшпенділер ойындарында   Қазақстан қос алтын иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

IV Дүниежүзі көшпенділер ойындарында бүгін Қазақстан қоржыны қос алтынмен толықты. 

Алғашқы алтын жүлдені 60 келі салмақ дәрежесінде қазақша күрестен Марат Нығматуллаев иеленсе, екінші тарихи жеңісті Көкпаршылармыз әкеліп отыр. Олар Қырғызстан құрамасымен ақтық бәсекеде сынға түсіп, 4:3 есебімен ел намысын қорғады. Көкпар додасы Көшпенділер ойындарының бағдарламасына тұңғыш еніп отырғанын ескерсек, көкпаршыларымыздың бұл жеңісі шын мәнінде ел болып қуанар ерекше тарихи оқиға, - деп жазды сүйінші жаңалықты жеткізген Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

ДКО. Көкпаршыларымыз ерекше өнер көрсетті - министр

Министр ұлттық спортты биікке асқақтатқан спортшыларға алғысын білдірді. 

Кеше ғана кең байтақ қазақ даласын дүбірге бөлеген «Ұлы дала жорығы» бәйгесін тамашалап бір серпіліп қалсақ, бүгін тақымдары темір, білектері болат көкпаршыларымыздың жеңісі тіпті мерейлендіріп отыр. Қырғыз қазандығына Әділет Мамыт 2 салым, Құрманбек Тұрғанбек 1 салым, Абылайхан Нышанбеков 1 салым салды. Айта кеткенім дұрыс, бұған дейін ІV Дүниежүзі Көшпенділер ойындарында еліміз екі күміске қол жеткізген болатын. Оның біреуін Дәстүрлі садақ атудан иеленсек, екіншісін жамбы атудан еншілеген едік. Сондай-ақ Қазақ күресіне әлемнің 20-ға жуық елінен 60-тан астам балуан белдесіп, айтулы бәсекеде 19 бұрымдымыз бақ сынады. Ұлттық спорттың туын жықпай, ел үмітін еселеген барлық жеңімпазды шын жүректен құттықтаймын! Түркия төрінде атойлаған қазақ рухы асқақтай берсін! – деді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы