ДКО. Көкпардан қазақ-қырғыз ойыны өтіп жатыр

2 Қазан 2022, 14:53
2297
Бөлісу:
ДКО. Көкпардан қазақ-қырғыз ойыны өтіп жатыр

Түркияда өтіп жатқан IV Дүниежүзі көшпенділер ойындарына әлемнің 102 елінен үш мыңнан астам спортшы бақ сынап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көшпенді халықтардың 50-ден астам ұлттық спортын сарапқа салған дүбірлі бәсеке төрт жылда бір ұйымдастырылады. Пандемия салдарынан бір жылға кейінге шегерілген ерекше сайыста еліміздің 50 спортшысы ұлттық спорттың 5 түрінен (қазақ күресі, көкпар, көкбөрү, жамбы ату және дәстүрлі садақ ату) ел намысын қорғайды.

Дәстүрлі садақ ату бойынша Қасысхан Қанат күміс жүлдеге ие болса, Жамбы атудан Ералхан Айкөз үш стильдің бірінен («қабақ ату» - түркі стилі) күмісті қанжығаласа да, жалпы есепте 5-орынға тұрақтады.

Ал Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Мажарстан, Түркия, Ауғанстан және Қазақстан қатарлы 7 мемлекеттен келген көртақым көкпаршылар өзара мықтыны анықтады. 

Осы жерде айта кетер бір әттеген-ай дейтін мәселе – командалардың Түркия жеріне өз аттарымен бара алмағандығы. Ұйымдастырушы тарап ретінде көкпаршыларды атпен қанымдауды Түркия мойнына алған. Десе де барған командалар атты жалға алып, көкпар алаңына шықты.

Бұл командалар арасында «қап!» дейін, «шіркін-ай» өз атымыз болғанда басқаша болар ма еді?!» дейтіндей жағдай.

Не де болса, А тобында өнер көрсетке Қазақстан Өзбекстанды 8:1, Моңғолияны 12:2 есебімен ұтып, өз тобында алға шыққан болатын.

Қазір Қырғызстан құрамасымен ойнап жатыр. Бірінші таймда қос команда тең ойын көрсетті, есеп - 2:2.

Өзгелердің жаңалығы