Дияр Аманәлі грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда Венгрия өкілі Кеве Ковачты жеңіп, әлем чемпионы атанды.

 UWW 28 Шілде 2026, 22:24
28 Шілде 2026, 22:24
171
Фото: UWW

Қазақстандық балуан Дияр Аманәлі Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда Венгрия өкілі Кеве Ковачты жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Чемпиондық жолында Дияр Грекиядан Николаос Зинисті, Ресейден Эдем Пайзиевті, Грузиядан Георгий Кеделидзені және Болгариядан Данимир Йордановты айқын басымдықпен ұтып шықты.

Еске салайық, бұған дейін осы әлем чемпионатында қазақстандық Әли Алмас (48 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болған еді.

 

Наверх